Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 612-бабының 3-бөлігімен (көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) Д-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Бұл туралы Ақтау қаласының мамандандырылған әкімшілік сотынының баспасөз қызметі хабарлады.
Сотта анықталғандай, көлік құралын басқару құқығынан айырылған Д. 26 тамыз күні «Toyota Camry» көлік құралын Ақтау қаласы, 32 «в» шағынауданында қасақана басқарған. Сот қаулысымен Д. ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.