Бұл туралы Таушық ауылының әкімі Шалқыбай Әзірбаев айтты.
«Таушық ауылына кіреберіс жолдың шетіне көлемі 100х16 метр аумақ қоршалып 80 түп шыбық көшет күйінде отырғызылып, толықтай күтімге алынды. Бұл жұмыстар бюджеттен ауылдың көгалдандыру-абаттандырылуына бөлінген қаражаттан үнемделген 750 мың теңге қаржыға жүргізілді. Таушық ауылында 8 жылдан бері әр жылда бос жатқан жерлерді қоршап, тал егу жұмысы дәстүрлі жүргізіліп келеді. Қазіргі таңда 8 жерге 460 түп ағаш отырғызылды. Жоғарыда атап көрсеткен жұмыс осы дәстүрлі жұмыстың жалғасы және жыл сайын жалғаcтыра береміз», деді Әзірбаев Шалқыбай.
Сонымен қатар, Таушық ауылының орталық саябағында 750 түп ағаш жайқалып өсуде. Биыл аталған саябақты толықтай жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.