Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаментіне жоғары тұрған органнан (ҚР Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитетінің), Жол картасы мемлекеттік бағдарламасының 3.1, 3.2 тармақтары негізінде «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің бірлескен қорытындысына байланысты тиісті шаралар қабылдау жөніндегі тапсырма хатының нұсқамасын басшылыққа ала отырып, «West stroi group» ЖШС-не 05.12.2018 ж. №1 шартының біржақты бұзылатындығы жөнінде 25.08.2020 ж. хабарлама ұсынылды.
Ұсынылған хабарламаның негізінде, көрсетілген мерзім ішінде «West stroi group» ЖШС-нен қарсылықтың жолданбауына сәйкес, 05.12.2018 ж. №1 шарты біржақты бұзылып, «Қала жолдары» ЖШС мемлекет меншігіне қайтарылғанын хабарлаймыз, делінген хабарламада.