Ақтау қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің басшысы қызметіне Ерғали Скендиров Сисенғалиұлы тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ерғали Скендиров Сисенғалиұлы 1983 жылы Маңғыстау облысы Шетпе ауылында дүниеге келген. Ұлты -қазақ, білімі жоғары. 2006 жылы «Тұран-Астана» университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласында республикалық мемлекеттік "Резерв" кәсіпорынның "Автоматика" филиалы мекемесінің іс жүргізуші-заңгері қызметінен бастаған. Осы жылы өндірістік эксплуатация бөлімінің бастығы болды.
2009 – 2014 жылдар аралығында «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгер-консультанты, ұйымдастыру-бақылау бөлімінің партиялық бақылау жөніндегі инспекторы қызметін атқарды.
2015 жылы «Өмірзақ ауылы әкімі аппараты» ММ-нің инспекторы, Өмірзақ ауылы әкімі орынбасарының міндетін атқарушы;
2015 жыл тамыздан 2020 жыл шілде айына дейін Өмірзақ ауылы әкімі орынбасарының қызметін атқарып келді.