Бұл туралы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы ветеринария бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиев мәлім айтты. Оның айтуынша, Мұнайлы ауданында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жүйесі бойынша 4363 бас жылқы тіркелген. Ал субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде 3 шаруашылық бар. «Еңбек» шаруа қожалғында 1 бас, «Битанов» ш/қ 145 бас, «Қожыр-Ата» шаруа қожалығында 135 бас жылқы бар.
“Ауданда 64 шаруа қожалық жылқы өсірумен айналысады. «Нұржан»ш/қ қарамағында 470 бас жылқы бар. Олардың ішінде 17 араб, 25 ағылшын тұқымдас жылқы. Мемлекет тарапына асыл тұқымды сатып алынған аталық жылқыға 100 мың теңге субсидия төленеді”, деді Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы ветеринария бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиев.
Мұнайлы ауданы бойынша «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында жылқы шаруашылығын дамыту бағытында несие алғандар:
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 2019 жылы 2 жоба 8 млн теңге несие алды.
«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 2019 жылы 6 жоба 35 млн теңге несие алды. «Нұр капитал» өңірлік бағдарламасы аясында ЖК Кемалова 10 млн теңгеге 20 бас жылқы алуды жоспарлап отыр.