Кеше Ақтау қалалық мәслихаттың кезекті 34-ші сессиясы өтті. Күн тәртібіндегі 1-ші мәселе бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын Шаһар басшысы Нұрдәулет Қилыбай баяндады. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
2020 жылдың I жартыжылдығында қаладағы халық саны - 198 151 адамды құрады. Өнеркәсіп кәсіпорындарымен 107, 1 млрд теңгеге өнім өндірілді. Қалада 30 926 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Қазіргі таңда басты міндет - әлеуметтік маңызы бар 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасын көтерілмеуін болдырмау. Осы бақытта 4 жақты, яғни әкімдік, бәсекелестікті дамыту және қорғау департаменті, гипер және супермаркеттер және көтерме жеткізушілер арасында меморандум жасақталды. Жыл басынан бері 27 рет ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі ұйымдастырылды.
1 жартыжылдықта 287, 2 мың шаршы метр тұрғын-үй пайдалануға берілді.
Қазіргі таңда, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 33 ш/а көпқабатты тұрғын үйлер құрылысының 3-кезеңі, 18 шағын аудан, 19А шағын-аудандағы үйлердің (№37, №41 учаске) және 33 шағын-аудан “Аққу” тұрғын-үй кешенінің инженерлік желілерінің құрылысы жүргізілуде. Аталған мақсаттарға республикалық және жергілікті бюджеттен барлығы 7,9 млрд теңге қарастырылған.
Жиында депуттаттар өз сауалдары мен ұсыныстарын жолдады. Атап айтсақ, қала бюджетін көтеру, жаяу жүргіншілер жолын көбейту, сергек "бейнекамералар" санын арттыру, мектептер мен балабақшалардың санын көбейту туралы айтылды.