Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты хабарлайды.
Маңғыстау облысында Қызыл кітапқа енгізілген 65 келі қызыл балық аулаған браконьерлер ұсталды.
"8 тамыз сағат 15.20-да Қарақия ауданында Темір-Баба маңында Ақсу жағалауы аумағында аулауға тыйым салынған балық жүктелген автокөлік тоқтатылды. Патрульдеу кезінде Қарақия бөлімінің полиция қызметкерлері оның салонында жалпы салмағы 65 келі болатын 30 дана қызыл балық болғанын анықтады", делінген полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ұсталғандарға қатысты “ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы” қолданылды.