Құрметті достар!
Бүгінгі ел көлемінде алғаш рет аталып өтетін Абай күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл - ұлы ойшылымызға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған зор құрмет, халқымыз үшін үлкен қуаныш, тарихи оқиға. Абай тағылымына тағзым ету бұл - Рухани жаңғырудың үлкен кезеңі. Абай барлық шығармаларында және ғұмырының соңына дейін қазақ балаларын оқуға, білім-ғылыммен айналысуға, рухани дамуға және әлемдік мәдениеттің мәйегін бойға жинап, сапалы ұлт болып қалыптасуға шақырды. Абай әлемі тек қазақ халқының ғана мұрасы емес.
Шетелдіктер Қазақ елін Абай арқылы таниды, ақынның жырлары арқылы бағалайды. Сондықтан Ұлы Абайдың күнін белгілеп, мемлекеттік мерекелердің қатарына енгізу еліміздің әлі де әлемдік деңгейде танылуына тың серпін берері анық. Абай күні күллі Алаш жұртына құтты болсын, ағайын!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов