Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Polisia.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ақтау қаласында жерлеу рәсіміне байланысты адамдардың көп шоғырлануы фактісі бойынша Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметтік тексеру жүргізуді тапсырды.
Маңғыстау облысында 3-17 тамыз аралығында өңірдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы негізінде қатаң шектеу шаралары, соның ішінде адамдар көп жиналатын іс-шараларды өткізуге тыйым салынғаны белгілі.
Аймақта қатаң шектеулер қойылғанына қарамастан, Маңғыстау облысы Полиция департаментінің басшылығы карантин режимін бұзуға жол бермеу бойынша уақытылы шаралар қолданбаған.
Айта кетейік, Ақтауда жаназаға 100-ден аса адам жиналған болатын.