Ақтау қаласындағы шағынаудандардың ішкі ойылған жолдарын жөндеу жұмыстарымен «Ондасын Строй» ЖШС айналысуда. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінгі күнге дейін, 1, 5, 9, 11, 13, 14, 15, 22, 28, 28А, 29 шағынаудандар бойынша жұмыстар техникалық талапқа сай жүргізілді.
Мердігер мекеме тарапынан ойылған жолдар жұмыстары техникалық ерекшелікте көрсетілген талапқа сәйкес болмаған жағдайда, тапсырыс беруші тараптан жұмыстар қабылданбайды. Сонымен қатар, мердігер мекеменің атқарылған жұмыстар бойынша тапсырыс берушіге 1 жыл кепілдігі бар, делінген хабарламада.