Ақтау қаласының әкімі Нұрдәулет Қилыбай 27 шағынаудан тұрғындарынан құралған топпен кездесіп, мәселелелерін тыңдады. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Шағынаудан мәселесін оңтайландыру бағытында әр шағынаудан тұрғындары арасынан құралған ынталы топпен тікелей жұмыс жасау жалғасуда.
Тұрғындар шаһар басшысынан 16 орта мектеп бағытындағы жолға автокөліктер үшін арнайы ескерту белгісін қоюды, “жасыл базар” аталып кеткен автобөлшектер базарының аумағындағы көлік қозғалысын бір жақты ету мәселесін айтып, сонымен қатар, 87 тұрғын үйдің жертөлесіндегі жеке кәсіпкерге қарасты жүзу бассейнінің қызметіне наразы екенін жеткізді. Одан бөлек, шағынаудандағы көгалдарды суару мен күтіп ұстау және балалар ойын алаңдарын салу мәселесі сөз болды. Қала әкімі қордаланған мәселелер бойынша тиісті жауапты бөлімдерге тапсырма берді. Орындалысы қала басшысының жеке бақылауында болмақ, делінген хабарламада.