Егер жұмыс беруші өз қызметкерлері үшін «42 500 теңге» алуға өтініш беруден бас тартса не істеу керек?
Жалақы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлер үшін Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ағымдағы жылғы шілде айында шектеу шараларын енгізуге байланысты табысынан айырылған жағдайда 42 500 теңге көлеміндегі біржолғы төлемді тағайындауға өтінішті жұмыс беруші береді. Жұмыс беруші жоғарыда көрсетілген төлемді тағайындау қағидаларының талаптарын сақтамаған жағдайда, қызметкер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінуге құқылы.