Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының бас дәрігері Мұрат Сарыев қайтыс болды. Бұл туралы Елдеш Қосмағанбетов фейсбук парақшасында жазды
Мурат Жарылғапұлы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын оқып тәмәмдаған соң, 1993 жылдан бастап Жаңаөзен қаласының медицина саласында қызмет атқаруға кіріскен.
Алғашқы медицина қадамын дәрігер реаниматолог анестезиолог қызметімен Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасынан бастап, 1998 жылға дейін еңбек етті.
1998-2002 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының реанимация бөлімшесінің меңгерушісіне тағайындалған.
2002-2007 жылдар аралығында Жаңаөзен қалалық емханасының бас дәрігер қызметіне тағайындалып,адал еңбек еткен азамат.
2002-2007 жылдар аралығында адал еңбектің нәтижесінде Жаңаөзен қалалық маслихатының 4-шақырылымының хатшысына сайланған.
2011жылдан бастап Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасының бас дәрігерлік қызметіне тағайындалған.
Мұрат Жарылғапұлы көптеген медициналық конференциялардың өткізілуіне себепші болған.
Батыс Қазақстандық медицина журналдарында мақалалары жарық көрген. Ұжымымен бірге барлық спорттық шараларға қатысып, салауатты өмір салтын насихаттау бағытында да өзінің зор үлесі бар.
Нәтижелі еңбектің арқасында көптеген құрмет грамоталармен марапатталған.
"Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі" төс белгісінің иегері,
"Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл",
"Астанаға 10 жыл"медальдаріменде марапатталған.
Марқұмның жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамыз!