Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Үндістаннан Маңғыстау облысына дәрі-дәрмектер тиелген әуе кемесі жетті. Үнді елінін келген дәрі-дәрмектердің негізгі көлемі республикаға жеткізілген болатын. Облыс әкімдігінің арнайы әуе кемесін ұйымдастыруымен өңірге келген препараттардың барлығы дәріханаларына таратылуда. Облыста дәрі-дәрмек жеткізу қызметінің 80%-ы 4 компаниямен жүзеге асырылады. Олар «Инкар» ЖШС, «Эмити» ЖШС, «Медсервисплус» ЖШС және «ADA Pharm» ЖШС. Дәрілік заттарды орташа есеппен аптасына 3 рет жеткізу (антикоагулянттар, қызуды түсіретін бактерияға қарсы терапия, гормоналды, вирусқа қарсы) шектеулі мөлшерде жүзеге асырылады, делінген хабарламада.
Дәрі-дәрмектер көлемі:
Хума-квин-100 (100мл) - 2 500 дана.
Леводекса 500мг / 100 мл. (Левофлоксацин) - 2 300 дана.
Цилитаз 4,5г - 400 дана.
Аксафлокс 100 мл (Oфлоксацин) - 800 дана.
Хуцин 100 мл (Офлоксацин) - 2000 дана.
Аксацип 2 мг / мл (Ципрофлоксин) - 800 дана.
Линстер 500г #1 (Метил преднизон) - 120 дана.
Линстер 1000г #1 (Метил преднизон) - 40 дана.
Дилопар 100 мл (Парацетамол) - 400 дана.
Декмакс #1 (Дексаметазон) - 6000 дана.