Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы freedom_kz2020 ресми аккаунтында "Это уже не шутки . Скидывают и пишут что это происходит в городе Актау" деп жарияланған видеоға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және видео Маңғыстау облысындағы провизорлық стационарларда түсірілмегенін ресми түрде хабарлайды. Аталмыш дерек бойынша Маңғыстау облысы полиция департаментіне жалған ақпарат таратқан кінәлі тұлғаларды анықтап тиісті шара қолдану жөнінде ресми түрде хат жолданатын болады, делінген денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.