Ақтау қаласы әкімінің өкімімен жасыл желекті күтіп ұстау жөніндегі әкімнің штаттан тыс кеңесшісі болып Лукшонис Владимир Ионасович тағайындалды, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.
В. И. Лукшонис 1977-1980 жж. Вологод училищесінде білім алып, аталған оқу орнында орман шаруашылығы бойынша қосымша курстан өткен.
1981-1986 жж. "Кадриорг" саябағында жасыл желекті күтіп, баптау, органикалық тыңайтқыштарды жинау, тарихи құндылығы бар ағаштан жасалған үйлерді жаңарту, бақты безендіру жұмыстарымен айналысқан.
1987 жылы Шевченко (Ақтау) қаласына қоныс аударды.
2000-2002 "Көктем" КММ қызмет етті.
2005 жылы "Green Sand” ЖК - бақты безендіру, жасыл желекті күтіп ұстау, саңырауқұлақ шаруашылығымен айналысты.
2007 жылы - ЕШКО Еуропалық мектебінде бақты безендіру дизайны бойынша білімін дәлелдеп, куәлік иеленді. Осы жылы аталған мамандық бойынша студенттерді шақыру және оқыту бойынша ЕШКО-ның кеңесшісі болды.
2018 жылы - "АгроГрин" ЖШС-да бақты күту, тыңайтқыштарды жинау,
өсімдіктерді тірілту бойынша бас маман болды.
2000 жылдан бері "Нұр Отан" партиясының мүшесі.