Жақында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ҚР Қылмыстық Кодексінің 200-бабының тәртібімен енгізілген ұсыныстары Маңғыстау облысының Полиция департаментінің онлайн режимде өткізген шұғыл мәжілісінде қаралды, деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Мәжіліс Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысы Б.Жылқыбаев, аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Л.Тайлақ пен Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі А. Досжановтың, ПД тергеу, көші-қон және жергілікті полиция қызметі басқармасының басшылық құрамының қатысуымен өтті.
Мәжілісте Ақтау қаласындағы жезөкшелікпен айналысқан шетел азаматшаларына қамқоршылық көрсеткен полиция қызметкерлерінің қылмыстық ісі қаралды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің заң бұзушылықтарды жою бойынша ұсынысын негізге ала отырып, Маңғыстау облысының полиция департаменті қызметкерлерінің қызмет атқару механизмін нақтылап, әрбір қызметкердің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының талаптары бойынша түсіндірме жұмыстарын кең көлемде жүргізу қажеттілігі ұсынылды.
Осы аталған департамент қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының талаптарын бұлжытпай орындауына бұдан әрі де көңіл бөлінетіні айтылды.