Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы және Ақтау қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің қызметкерлері қоғамдық көліктерде бетперде тағу режимін жолаушылар қалай сақтайтынына мониторинг жүргізді. 8 маусымдағы МО Бас санитарлық дәрігерінің Қаулысына сәйкес, қоғамдық көлікте бетпердесіз жүруге болмайды.
Мониторинг аясында қоғамдық көліктегі карантиндік шаралардың сақтау ережелері туралы жолаушыларға түсіндірілді. Сондай-ақ, қоғамдық көліктерде дезинфекция жұмыстарының уақытылы жүруі тексерілді.