Әлеуметтік желілерде Ақшұқыр ауылы маңында арыстанның емін-еркін сыртта жүргені түсірілген видео кең тарап кетті. Бұл жайтқа қатысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Кезекші пультіне Ақшұқырда арыстанның сыртта емін-еркін жүргені туралы ақпарат шамамен 05:30-да келіп түскен. Полиция департаментінің басшылығы, полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының табиғатты қорғау полициясы мен патрульдік полиция батальонының қызметкерлері келіп түскен шақыртуға дереу шықты. Арыстан ұсталды. Ол аман. Қазіргі уақытта жануардың қайдан келгені анықталуда», - деп хабарлады полиция департаменті.