Бұл туралы Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Елімізде жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі. Осыған орай, аудан әкімі Қыдырберді Беков медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, алғыс хат табыстады. Аудан басшысы әсіресе COVID-19 пандемиясында барлық денсаулық сақтау ұйымдарында күні-түні індетке қарсы еңбек етіп жүрген медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді. Алдағы уақыттағы жұмыстарына сәттілік, шыдамдылық тіледі.