Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ел аумағында төтенше жағдай енгізілуіне орай, карантинге жабылған өңірде тұратын тұрғындарға 2 ай бойы 15 мың теңгеден коммуналдық төлемдерін (су, кәріз, жылу, газ, электр энергиясы қызметтері үшін) өтеуге құқылы азаматтарға Республикалық бюджеттен қаражат бөлінді.
Ақтау қаласы бойынша Call-орталық 22-ші сәуірден бастап жұмыс істей бастады.
15 мың тн коммуналдық төлемақы бойынша саll орталықтарға өзі туралы ақпарат берген азаматтардан бөлек, "телефон нөмірлер көтермейді, ала алмай жатырмыз" деуші 7 санаттың қатарына кіретін тұлғалар болса, 4-шағынаудан қалалық әкімдік ғимаратындағы "Ашық әкімдікте" орналасқан call орталыққа келуге болады.
Сондай-ақ, call орталық нөмірі: 30-11-55
Өтемақы төлеуге ақпараттар 22 маусымға дейін жалғасады. Соңғы төлемдер 22 маусымнан кейін жалғасады.
Еске сала кетейік, 15 мың теңгеден коммуналдық төлемдерін (су, кәріз, жылу, газ, электр энергиясы қызметтері үшін) өтем алуға құқылы:
- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;
- Мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
- Көп балалы отбасылар;
- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары, Ұлы отан соғысы мүгедектері мен қатысушыларына теңестірілген тұлғалар;
- Мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери қызметін орындау барысында, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындық барысында немесе ұшу кезінде, адам өмірін құтқару және құқық тәртібін сақтау кезінде қаза тапқан тұлғалардың отбасылары;
- Төмен және одан аз зейнетақы алатын зейнеткерлер;
- Атаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.