Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 5 маусым Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күнді мерекелеу әрбір адам бойына қоршаған ортаны қорғау ынтасын оятуға негізделген. Жыл сайын 5 маусымда атап өтілетін Бүкіләлемдік қоршаған ортаны қорғау күні Біріккен Ұлттар Ұйымы үшін әлемдегі халықтың назарын қоршаған орта проблемаларына аудартудың, сондай-ақ саяси мүддені ынталандырып, тиісті әрекеттер жасаудың негізгі тәсілдерінің бірі.
Айналаны қорғау, өркендету және жақсарту жөніндегі әрекеттердің мақсаты адамдардың салауатты және сенімді ортада өмір сүруін қамтамасыз етуде баршаңызды бір кісідей атсалысуға шақырамын. Табиғи таза ортада өмір сүруімізді қамтамасыз етіп отырған қоршаған ортаны қорғау қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып дендеріне саулық, отбасыларыңызға береке тілеймін!
Құрметпен, Маңғыстау облысы экология департаментінің басшысы Руслан Төкенов