Бұл туралы қоғамдық коммуникация қызметінің баспасөз орталығында өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің МО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Серік Қаныбеков хабарлады.
Егер сіз мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болсаңыз немесе заңсыз сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының еріксіз куәгері болсаңыз, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бірыңғай Сall-орталығы арқылы тегін 1424 нөмірі бойынша хабарлай аласыз.
1424 Call-орталық арқылы жүгіну 24/7 қағидасы бойынша қызмет көрсетеді.
1424 Саll-орталығы азаматтарға келесі мәселелер бойынша кеңес береді:
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілері туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға өзгеше түрде жәрдем көрсететін адам мемлекет қорғауында болады және Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен көтермеленеді.
Біржолғы ақшалай сыйақы түріндегі көтермелеу мынадай мөлшерде белгіленеді:
егер пара немесе залал мөлшері 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңгеден)аспаса:
Пара немесе залал көлемі 1000 АЕК (2 млн 778 мың теңгеден) жоғары болса, онда сыйақы мөлшері параның 10% құрайды, бірақ 4000 АЕК (11 млн 100 мың теңге) жоғары емес.
Жоғарыда аталып өткендей, Маңғыстау облысы бойынша біржолғы ақшалай сыйақы алғандар саны:
2018 жылы– 6 адам, 914 000 теңге көлемін құраса,
2019 жылы – 13 адам, 2 500 000 теңге көлемін құрады.
2020 жылдың бірінші тоқсаны бойынша сыйақы алған тұлғалар болмаған.
Сонымен қатар 2019 жылдың ең жоғарғы сыйақы мөлшері -176 750 теңге (70 АЕК), ең төменгі – 101 000 теңгені (40 АЕК) құрады.