Бұл туралы облыс әкімі С.Трұмов Forbes.kz басылымына берген сұхбатында айтты.
Әзірге елімізде жеке паромдар жоқ және бұл бірқатар қиындықтар тудырады. Алайда, 2023 арналған инфрақұрылымды дамытудың жаңа бағдарламасы бойынша паром салу мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, Құрықта кеме жасау жобасы іске асырылатын болады.
Қазақстан үшін бірнеше көлік хабтарының қиылысында орналасқан Ақтау теңіз сауда портының стратегиялық маңызы жоғары. 2019 жылы порт 3,5 млн тоннадан астам жүк қабылдады, бір жыл бұрынғы көрсеткіш 39 мың тонна (1,1% - ға төмендеу). Бұл көрсеткіштің төмендеуі АҚШ –тың Иранға жариялаған санкциясының салдарынан.
Ал, Иран - қазақстандық өнімнің негізгі сатып алушылардың бірі. Ал тасымалданған мұнай мен мұнай өнімдерінің көрсеткіштері керісінше өсті.
Ақтау портында өңделген контейнерлердің көрсеткіштері 6 есеге-13,3 ДФЭ-ге дейін артты. Бұған Ақтаудан Алятқа (Әзербайжанға) фидер тасымалын іске қосу себеп болды.
Аймақ басшысы атап өткендей, Ақтауда қазір жаңа жүк түрлері де қайта бағдарланған: полипропилен, Калий тыңайтқыштары, техника, мыс, құрылыс материалдары. Сонымен қатар, клиенттерге кепілді көлем тасымалдаған жағдайда жеңілдіктер беріледі.
Қытай-Еуропа бағытындағы тасымалдау көрсеткіштерінің өсуіне қазақстандық темір жол тарифтерінің ресейлік тарифтерден 2-3 есе төмен болғаны ықпал етті. Бұдан басқа, жүктердің 90%-ға жуығы өзіндік құнынан төмен (транзиттік қатынастардан басқа) тасымалданады.
Өңір басшысы Серікбай Трұмов атап өткендей, 2019 жылдың қорытындысы бойынша теңіз арқылы 5,8 млн тоннаны жүк тасымалданған. Оның ішінде Құрық порты арқылы – 1,3 млн тонна, Ақтау порты арқылы – 3,5 млн тонна, Ақтау солтүстік терминалы арқылы – 1 млн тонна. Сонымен қатар, теміржол көлігінің көмегімен 3,8 млн тонна жүк тасымалданды.
"Порттардың қуатын арттыру және жүк тасымалдау көлемін арттыру үшін Сапалы жол-көлік жүйесін құру қажет. Сондықтан біз автомобиль жолдарын жөндеуге үлкен мән береміз", деп түсіндірді С.Трұмов.