Социалистік Еңбек Ері, Қарақия ауданының Құрметті азаматы Тайшық Қазбеков бүгін 95-ке қараған жасында дүниеден өтті. Бұл туралы Қарақия ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Социалистік Еңбек Ері, Қарақия ауданының Құрметті азаматы, «Құрмет белгісі», «Орақ пен балға», Ленин ордендерінің иегері, есімі «Алтын кітапқа» жазылған еңбек ардагері - Тайшық Жаңбырбайұлы Қазбеков Қарақия ауданының Мұнайшы ауылының тұрғыны.
1926 жылдың қыркүйек айында Түркменстанда Карабугазгол деген жерде дүниеге келген. Бекдашта 16 жасынан бастап сульфат өндірісінде жұмысшы болды. Кейіннен тар табанды тепловоз, автомобиль жүргізушісі болып істеген. 1955 жылы Форт-Шевченкоға қоныс аударып, осындағы автобазаға жүргізуші, 1964 жылы Жетібай автокөлік кәсіпорнында жұмысын жалғастырумен өмір-бақи жүргізуші болып, 1986 жылы дербес зейнеткерлікке шыққан.
Марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз.