Маңғыстау облысында COVID-19 жұқтырған тағы 2 адам тіркелді. Екеуі де Ақтау қаласының тұрғындары, деп хабарлайды МО Қоғамдық коммуникация орталығы.
Бірінші науқас - 1999 жылы туған студент, қыз бала.
Екінші науқас - 20 жастағы ұл бала, студент.
Екі науқас та кеше Ақтауға Астраханьнан келген студенттер. Жалпы, Ресейден келген барлық студенттер бірден обсервациялық стационарға жатқызылып, сынама алынды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша 2 студенттен COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қалған студенттер қазір дәрігерлердің бақылауында.
06.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 90 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 24;
Жаңаөзенде – 18;
Маңғыстау ауданында – 4;
Мұнайлы ауданында – 3;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 12;
Жазылып шыққаны – 10;
Қайтыс болған – 1.