Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Олар 73 және 21 жастағы Ақтау қаласының тұрғындары. Бірі бүгін КВИ анықталған 24 жастағы жігіттің әжесі, екіншісі қарындасы. Қос науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Қазіргі уақытта олар облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды, делінген хабарламада.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.
22.04.2020 ж. жағдай бойынша өңірде 18 адамның COVID-19 вирусын жұқтырғаны анықталды.
Ақтауда - 10;
Жаңаөзенде - 4;
Маңғыстау ауданында - 4;
Жазылып шыққаны - 4.