Ол 1996 ж туған Ақтау қаласының тұрғыны. Кеше тіркелген 29 және 24 жастағы 2 жігіттің жұмыстасы. Науқас коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған. ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Казіргі уақытта ол облыстық жұқпалы аурулар бөліміне орналастырылды, делінген МО қоғамдық коммуникация орталығының таратқан ақпаратында.
Науқастың әйелі мен баласы және жақын туыстары да тексерілуге жатқызылды. Ол тұратын Ақтаудағы 16 шағынаудан 28/1 үйдің подьезі карантинге жабылды. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар қолға алынған.