Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмовпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ басшысы алдымен өңірдегі коронавирусқа қарсы күрес жұмыстары және карантиндік шараларды іске асыру бағыты бойынша баяндады. Мұнан соң «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы, өңірдегі шағын және орта бизнес өкілдеріне мемлекет тарапынан жасалып жатқан жеңілдіктер мен мүмкіндіктер жайында айтты. Сонымен қатар, өңірдегі өндіріс мекемелерінің жағдайы, азық-түлік мәселесі жайында сөз болды.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев облыс әкіміне аймақтағы ахуалды үнемі бақылауда ұстап, сақтық шараларын күшейтуді тапсырды.