2020 жылдың 17 сәуірі күні Kaspi KZ телеграм каналында және әлеуметтік желілерде «Каспийден" ақшалай науқан» акциясы ұйымдастырылып жатыр деп", ақпарат таралған болатын. Акцияның мақсаты - Kaspi Gold-қа 14 300 теңге аудару және екі немесе одан да көп достарды тіркеу арқылы өзіңе пайда әкелу деп көрсетілген.
Алайда, «ҚР қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» Ақтау қаласындағы өңірлік өкілдер басқармасының басшысы Нұртас Машанов бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеді. Тұрғындарға жалған ақпараттан зардап шекпеу үшін тек ресми ақпарат көздеріне жүгінулеріңізді сұраймыз. Банктың ресми парақшасы https://t.me/kaspikz екендігін хабарлады. Сақ болыңыздар! Алданып қалмаңыздар!