Бұл сұрақтарға МО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламасы басқармасының басшысының орынбасары Әсет Шопанов жауап берді.
Бұл жерде ескертейін дегенім, төтенше жағдай кезеңінде табысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты төленбейді. Яғни, азаматтардың жасына, зейнеткерлігіне, мүгедектігіне немесе басқада жайттарға қарамайды. Бұл төлем, жарияланған төтенше жағдайға байланысты шын мәнінде табысынан айырылған болса, онда ол азаматтарға бұл төлем тиісті болады.
Мысалға, зейнеткер немесе мемлекеттік жәрдемақы алып жүрген азаматтар. Ол кісілер үшін мемлекет тарапынан, бюджет есебінен ай сайын зейнетақы мен жәрдемақы төленіп келеді. Ол төлемдер төтенше жағдайға байланысты тоқтаған жоқ, қайта олардың мөлшері артып жатыр. Сондықтан, кешірім сұраймын, бұл азаматтар төлемге ие бола алмайды.
Бірақ, егерде зейнеткер немесе жәрдемақы алып жүрген жандар, яғни көп балалы аналарымыз, мүгедек жандарымыз төтенше жағдайға дейін ресми түрде жұмыс істеген болса, яғни бір мекемеде жұмыс істеген болса, жеке кәсіпкер болса немесе ЕСП төлеген болса ол ескеріледі. Жалпақ тілмен айтсам, зейнетақы, жәрдемақы көлемі көп емес, сондықтан қосымша табыс тауып жүрген болса, онда бұл азаматтарымызға бұл төлем тиісті. Тағыда нақтылап кетейін, бұл азаматтар төтенше жағдайға дейін ресми жұмыс жасаған болса әлеуметтік төлемді ала алады.
Бұл жерде әр азамат өзінің есепшотын көрсетуі тиіс. Себебі, басқа жағынан қарасақ, алаяқтар пайдаланып кетуі мүмкін. Мысалға, алаяқтар азаматтардың аты–жөнін, ИИН-ін тауып алып, өзінің есепшотын көрсетіп азаматтардың атынан өтініш беруі мүмкін. Сол кезде шын мұқтаж азаматтарға тиісті ақшаны алып кетуі мүмкін. Сондықтан, әр азаматтың өзінің есепшоты болуы тиіс.
Соңғы өзгерістерге байланысты, өтінішті бүгінгі күні есепшотты көрсетпестен беруге болады. Бүгінгі күні ондай өтініштер саны 3 260.
Бұл жерде ескерте кетейін дегенім, азаматтарға төлем тағайындалғаны жөнінде хабарлама келгеннен кейін отыз күн ішінде есепшотын ұсыну қажет.