Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Қаныбек Жұмашев мәлім етті.
Маңғыстау облысында 20 күннің ішінде 600 мыңға жуық медициналық маска тігілді. Оның барлығы өңірдің дәріханаларына тапсырылады. Бұл аймақта бетперде тапшылығы мәселесі шешілгендігін байқатып отыр, деді Қ. Жұмашев.
Сонымен қатар ол Маңғыстау өңірінде коронавирусқа күдікті науқастарды деңгейіне қарай жатқызатын инфекциялық, провизорлық және обсервациялық ауруханалар бар екенін, аталған госпитальдер қажетті дәрі-дәрмекпен, медициналық жабдықтар мен тиісті қорғаныш костюмдерімен, дәрігерлермен қамтамасыз етілгенін айтты.
Жақын арада Маңғыстау облысына қосымша 44 000 астам бірреттік костюм мен 3-4 қабатты 45 000-ға жуық медициналық маска әкелінеді. Сондай-ақ, еліміздің барлық аймақтары шет елдерден келген арнайы медициналық қондырғылар мен қорғану құралдарымен қамтылып отырады, деді Қ. Жұмашев.