Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Науқас Шетпе ауылының 1992 жылғы тұрғыны. Ол осыған дейін осы ауылда тіркелген науқастармен байланыста болған. Осыған орай карантинге алынып, қаны мен ауыз қуысынан алынған сынамаға зертханалық сараптама жасалынған болатын. Диагностикалық зерделеу нәтижесінде COVID-19 анықталды. Бекітілген протокол бойынша ем шаралары жасалып жатыр, делінген хабарламада.
Науқастармен байланыста болған азаматтар анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды. Тұрғынның тұрып жатқан үй аумағы залалсыздандырылып жатыр.
12.04.2020 жылғы ақпарат бойынша облыста 10 адамнан COVID-19 анықталды: Ақтауда -5, Жаңаөзенде -2, Маңғыстау ауданында -3.