Құрметті, маңғыстаулықтар! Аймақта Карантин ережесі өзгеріпті деп жан-жақтан қоңырау түсіп жатыр. Бұл өзгеріс тек Маңғыстау ауданының аумағына қатысты. Облыстағы басқа қала мен аудандағы қаулы ережесі бұрынғыша, деп хабарлады Маңғыстау ауданының әкімдігі.
Маңғыстау облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Е.Сыдымановтың қаулысымен Маңғыстау ауданы аумағында карантиндік режим 30-сәуір сағат 7:00-ге дейін ұзартылды.
Карантин кезінде тұрғындарға азық-түлік немесе дәрі-дәрмек сатып алу үшін тек қана сағат 15:00-ден 18:00 -ге дейін үйден шығуға рұқсат бар. Дегенмен, бұл - үш сағат бойы сыртта жүруге болады деген сөз емес! Шаруаңыз біткен соң үйге қайтуыңыз қажет!
Сондай-ақ азық-түлік дүкендері мен дәріханалар да осы уақыт аралығында яғни 15:00 мен 18:00 аралығында жұмыс жасайтынын ескертеміз. Малға жем-шөп сатып алу үйге жеткізу әдісімен жүзеге асырылады. Күндіз үйіңізден 200 метрден аспайтын қашықтықта балалармен 30 минут серуендеуге рұқсат бар.
Жасы 65-тен асқан тұрғындар үйлерінен шықпағаны жөн. Азық-түлік, дәрі-дәрмек алу үшін үйден шыққан әрбір адамның жанында құжаттары болуы шарт. Карантин кезінде аудан көлемінде тек қана өндірістік және азық-түлік, дәрі-дәрмек таситын көліктердің жүруіне рұқсат бар.
Барлық такси қызметтері тоқтайды.
Құрметті Маңғыстау ауданының тұрғындары! Карантин ережелерін қатаң сақтап, мамандардың кеңесіне құлақ асуыңызды сұраймыз! Карантин ережелерін ескермей, бекітілген уақыттан тыс сыртта жүрген адам заң бойынша жауапқа тартылатынын ескертеміз, делінген хабарламада.