Ақтау қалалық сайлау комиссиясының шешімі бойынша Өмірзақ ауылының әкімі болып Бисенғали Кенжалиев сайланды, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов Өмірзақ ауылы әкімін ұжымына таныстырып, сәттілік тіледі. 25 маусым күні Өмірзақ ауылы әкімінің сайлауында жеңіске жеткен Бисенғали Кенжалиевке Ақтау қалалық сайлау комиссиясының төрағасы Ерғали Скендиров куәлік табыстады.
Кенжалиев Бисенғали Аманғалиұлы 1983 жылы 20 қаңтарда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы, Жыңғылды ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2005 жылы Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті «Инженер-механик» мамандығы бойынша бітірген.Еңбек жолын 2005 жылы «Жасыл ел» Маңғыстау штабының менеджері қызметінен бастаған. 2006 жылы ЖК «Амирханов О.Б.» ұйымдастыру бойынша менеджер, 2007-2008 жж «Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бас маман, 2008-2012 жж «Нұр Отан» МОФ ХДП партиялық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімінің меңгерушісі, 2012-2017 жж «Ақтау қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ бөлім басшысы, 2018 ж Маңғыстау облыстық құрылыс басқармасы бөлім басшысының орынбасары, 2018-2020 жж Түпқараған аудандық әкім аппаратының басшысы, 2020-2022 жж «Мұнайлы аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі» ММ басшысы, 2022-2023 жж «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ басшысы қызметтерін атқарды.