Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «AQTAUTV» ЖШС сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қойды. Келісім «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында жасалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Келісімге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Болат Жылқыбаев пен «AQTAUTV» телеарнасының директоры Талғат Сатыбалды қол қойды.
Аталған инвестор өңірде ақпараттық бағыттағы жобаларды жүзеге асыратын болады.
Жобаның негізгі мақсаты - қолайлы инвестициялық ахуал жасау, бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру. Туындаған кез келген проблемалар, кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы жедел және сапалы шешілуі тиіс. Жоба аясында инвесторға қойылатын жалғыз талап - ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын мүлтіксіз сақтау.
Айта кетейік, облыс бойынша инвесторлармен 1 трлн теңгеден асатын 26 келісімге қол қойылды.