Жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де Маңғыстау облысындағы ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша 10 округтегі 14 сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сайлаушылар тізіміне 14144 сайлаушы енгізілген.
Аудандық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес сағат 20.00-дегі (жергілікті уақыт бойынша) жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 82,4% алды.
Олардың ішінде:
Бейнеу ауданы бойынша:
Сарға ауылы – 71,1 %
Есет ауылы – 97,2 %
Төлеп ауылы – 98 %
Сам а.о. – 97,8 %
Қарақия ауданы бойынша:
Құланды а.о. – 84,7 %
Маңғыстау ауданы бойынша:
Тұщыкұдык а.о. – 94 %
Қызан ауылы – 91,8 %
Жармыш ауылы – 87,2 %
Онды а.о. – 62,5 %
Түпқараған ауданы бойынша:
Ақшұқыр ауылы – 78,6 %