Астанада өтетін күрес түрлерінен ел чемпионатында Маңғыстау облысының әйелдер құрамасынан үш балуан ғана қатысады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Өңірдің спорт және дене шынықтыру басқармасының мәліметінше, аталған турнирде 50, 53 және 62 келіде жерлестеріміз бозкілемде өз әлеуеттерін байқап көрмек.
Олардың қатарында 50 келіде Марал Тәңірбергенова, 53 келіде Эльвира Сыздықова, 62 келіде Жансая Омарова белдеседі.
Осыған дейін аталған ел біріншілігінде грек-рим және еркін күрестен қатысатын Маңғыстау облысының балуандары белгілі болған еді. 31 қаңтар мен 5 ақпан күндері аралығында Астанада өтетін бұл өңірден еркін күрес құрамасы толық құрамда аттанса, грек-рим балуандары 5 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі.