Дүниежүзілік Жұқтырылған иммунтапшылығы синдромына (әрі қарай-ЖИТС) қарсы күрес күні жыл сайын 1 желтоқсанда атап өтіледі. Дүние жүзіндегі адамдар АИТВ жұқтырған адамдарға қолдау көрсету және ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алу үшін бірігеді. Маңғыстау облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес орталығының Жанаөзен қаласы бойынша дәрігер эпидемиологы Тұрған Үргенчбаеваның айтуынша, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне әрқашан белгілі бір тақырып беріледі. Осы жылдың тақырыбы– Көшбасшылық-қауымдастықтарға. Бүгінде әлемнің әртүрлі бөліктерінде тұратын 42 миллионнан астам адам адамның иммунитет тапшылығын тудыратын вируспен ауырады. Күн сайын 15 мыңға жуық адам ауру санатына жатады. 1 желтоқсан ЖИТС-ке қарсы күрес күні осы статистиканы тоқтатуға және бүкіл әлем бойынша індеттің таралу қарқынын төмендетуге арналған:
• Әлемнің барлық аймақтарында ақпараттық іс-шаралар өткізілып жатыр.
• Көптеген адамдар адам иммун тапшылығы вирусымен (әрі қарай-АИТВ) өмір сүретін адамдар үшін хабардарлықтың, қолдаудың және ынтымақтастықтың халықаралық символы болып табылатын қызыл лента тағады.
• АИТВ-мен өмір сүретін адамдар өміріндегі маңызды мәселелер бойынша өз пікірін білдіру мүмкіндігіне ие.
• АИТВ-мен өмір сүретін адамдар топтары және басқа да ЖИТС-ке қарсы ұйымдар жұмыс істейтін қауымдастықтарды қолдайды.
Жаңаөзен қаласында «Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күніне» орай Маңғыстау облысы бойынша АИТВ алдын алу орталығының Жаңаөзен қаласындағы сенім пунктінің мамандары экспресс-тестілеумен «ашық есік күнін» ұйымдастыру, АИТВ инфекциясы бойынша қалалық колледж студенттері арасында «АИТВ инфекциясы туралы түсінік, таралу жолдары және алдын алу шаралары» тақырыбында семинар сабағын өткізу, ақпараттық-білім беру материалдарын тарату және бейнероликтер көрсету сияқты бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Қаламыздың адамдар ең көп шоғырланатын, күніне 1000-1500 адам келетін «Бөкен-Жәнібек» ЖШС орталық базарында радиодәріс оқылды. АИТВ инфекциясының алдын алуға бағытталған түрлі шаралар бір ай бойы жалғасады. Бүгінгі күні 138 адам қамтылды, оның ішінде 17 адам АИТВ инфекциясына тексерілді, нәтижесі теріс.
Қазақстан Республикасының әрбір азаматы қалалық емханаларда АИТВ-инфекциясына тегін тексерістен өтіп, сол арқылы өзінің иммундық статусын анықтай алады. Иммундық күйіңізді білу – сізді және жақын адамдарыңызды қорғайды.