Жүргізушілер арасында тәртіпті және азаматтардың қауіпсіздігін арттыру үшін МО полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері Ақтау-Сайын Шапағатов тас жолында жылдамдық өлшегіш орнатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл құрылғы жылдамдықты арттыру фактісін автоматты түрде анықтайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық автоматты режимде жұмыс істейтін арнайы техникалық бақылау-өлшеу құралдарымен тіркелген жағдайда жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз, делінген аймақтың Полиция қызметі таратқан ақпаратта.