Бұл туралы Маңғыстау облыстық ТЖД басшысының орынбасары Бекболат Әбдіқадыров хабарлады.
«Құтқарушылар 24 тамыз күні сағат 19:23 шамасында Ақтаудағы бесінші шағынауданындағы теңіз жағалауындағы судан ер адамның мәйітін тауып, шығарды. 2001 жылы туған жас жігіт Бейнеу ауданының тұрғыны. Туыстарының айтуынша, ол 23 тамызда үйінен шығып кетіп, содан бері үйіне келмеген», - деді Бекболат Әбдіқадыров.
Қазір марқұмның өліміне не себеп болғанын полицейлер анықтап жатыр.