©
Маңғыстау облысы әкімі Ералы Тоғжановтың қатысуымен Жаңаөзен қаласы және Түпқараған ауданы әкімдерінің 2018 жылдың қаңтар-маусым айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есептік баяндамасы тыңдалды.
2018 жылдың бірінші жартысында атқарылған жұмыстар туралы Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев баяндап, негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 21,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,8%-ға өсіп отырғанын айтты.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 6,3 млрд. теңгені құрап, 2018 жылдың 6 айы ішінде жалпы көлемі 96,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Қала бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 516 бірлікке көбейіп, 8313 жетіп, оның ішінде заңды тұлғалар – 1 395, жеке кәсіпкерлер – 6918, ауылшаруашылығы - 19. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны - 21200 адам.
Жыл басынан бері 2743 жаңа жұмыс орны құрылып, өткен жылмен салыстырғанда 8,1%-ға өсті. Атап айтсақ: әлеуметтік жұмыс орны - 237, жастар практикасы - 102, қоғамдық жұмысқа - 1032, тұрақты жұмысқа орналасқандар - 1423. Бюджет қызметкерлерін баспанамен қамтамасыз ету мақсатында 180 пәтерлік жатақхана құрылысын салу жоспарлануда, осы арқылы Жаңаөзен қаласында мейлінше баспана мәселесін жеңілдету көзделіп отыр.
«Осы жылдан бастап өңірімізде «Нұр-Капитал» бағдарламасы жүзеге асырылып, мамыр айынан бері бағдарлама негізінде Өңірлік үйлестіру кеңесінің отырысында жалпы сомасы 639,3 млн теңгенің 27 жобасы мақұлданды. Аталған бағдарлама аясында алдағы уақытта 327 жаңа жұмыс орны құрылады. Осы жылдың соңына дейін жобалардың 60% ашылады деп жоспарлануда. Сондай-ақ «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы» аясында, «Солнышко» балабақшасы мен ЖК «Жалымбетов» оңалту орталығының жобалары іске асырылуда», - деді қала әкімі Әділбек Дауылбаев.
* * *
Түпқараған ауданының әкімі Темірбек Асауовтың мәліметінше, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында ауданның өнеркәсіп өнімдерінің көлемі – 325 млрд. 643 млн 200 мың теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 94 млрд 818 млн. теңгеге көбейген.
Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында ауданда 1843,5 мың тонна шикі мұнай өндіріліп, облыс көлемінің 24,6 % құраған.
Өнеркәсіп өнімдерінің нақты көлем индексі – 104,2%.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жағалауда жартастар да жаңғырып… (ФОТО)Ауыл шаруашылық өнімдерінің жалпы шығарылымы - 732 млн.700 мың теңге.
Негізгі капиталға салынған инвестиция - 21 млрд. 722 млн. 200 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2 млрд. 418 млн. 900 мың теңгеге немесе 3,4 % көбейген (01.07.2017 жылы – 19 млрд. 303 млн. 300 мың теңге).
Жалпы көлемі 32,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылып, былтырғы жылдың осы кезеңіне қарағанда 2,6 мың шаршы метрге көбейген. Тұрғын үй құрылысының негізгі қаржыландыру көздерінің үлес салмағы 100% құрайтын салымшылардың меншікті қаражатынан болды.
«Кәсіпкерлерді қолдау бағытында шағын несиелендіруге осы жылдың 6 айында барлығы - 12 адам 54,5 млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізді. Аудан бойынша 2018 жылдың 1 шілдесіне дейін шағын және орта кәсіпкерлік саласында тіркелген субъектілерінің саны 1851 бірлікті құрады. «2018 жылғы «Нұр Капитал» өңірлік бағдарламасы аясында ауданнан барлығы облыстық үйлестіру кеңесінен 16 жоба қолдау тауып, көптеген жұмыс орындары ашылды. Келесі кезекте ұсыну үшін 7 жоба қарастырылып, сомасы 150,4 млн. теңгені құрап, 104 жаңа жұмыс орынына жұмысшылар жинақталуда», - деді аудан әкімі Темірбек Асауов.
Жиын соңында облыс әкімі Ералы Тоғжанов аудан әкімдеріне білім беру және денсаулық сақтау саласында сапалы қызмет көрсетуді арттыру – бүгінгі күннің басты мақсаты екенін айта келе, аталған салалар бойынша бірнеше күрмеуі шешілмей тұрған мәселелер жөнінде тапсырма берді.
«Білімсіз адам амалдың жоқтығынан жан-жаққа тентіреп кетерін білеміз және ол елдің тұрақтылығына да әсер етпей қоймайды. Болашақ жастарды тиісті біліммен уақытында қамтамасыз етіп, ғылымға баулып отыру жолында еңбектенуіміз қажет. Адам жанының тіреуі - деннің саулығы. Медицина саласын ілгері жылжытып, тәжірибелі мамандар дайындауымыз үшін мемлекет барлық жағдайды жасады. Өзге үшін аянбай тер төгер дәрігерлер бізге көптеп керек, олар да біздің жас буыннан табылады, тек уағында көңілінің пернесін басып, демеу беріп отырсақ болғаны», - деп Маңғыстау өңірінің басшысы сөзін тәмамдады.
Мадияр ТӨЛЕУОВ Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН,
Серік МАЙЕМЕРОВ