«Оймашы» полигонында «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты теңіз бригадасы бөлімшелерінің далада өтетін іс-шаралары жалғасуда. Батальонның әскери қызметшілері жауынгерлік дайындық бойынша бірқатар тапсырмаларды орындады.
Жауынгерлік оқу-жаттығу жиынында теңіз жаяу әскерлері РПГ-7 танкіге қарсы гранатометтерден, Калашников автоматынан, пулеметтерден және снайперлік мылтықтардан, сондай-ақ БТР-82а БТР-дан оқ жаудырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жаңа оқу кезеңінде теңіз жаяу әскерлерінің жауынгерлік даярлығы жаңа жүйе бойынша ұйымдастырылды. Оқу-жаттығу сабақтарындағы теориялық бөлімнен кейін жеке құрам жауынгерлік жағдайға барынша жақын жағдайларда практикалық дайындыққа кірісті. Бұл шаралардың 30 пайызы түнгі уақытта жүргізіледі.
«Айта кететін жайт, барлық әскерге шақырылғандар әскери ант қабылдағаннан кейін бірінші рет гранатомет пен бронетранспортерлерден оқ жаудырады. Келесі кезекте жеке құрамды отрядтар, взводтар, роталар бойынша оқытамыз», - деп атап өтті батальон командирі, майор Фархат Манабаев.
Жауынгерлік дайындық іс-шарасына 200-ден астам әскери қызметкер жұмылдырылды. Оқу-жаттығу әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес өтті.