Оқиға қаңтардың 7-күні орын алған. Жанар-жағармай тасымалдайтын цистерна жарылып, әрі қарай өртке ұласқан. Екі адам қазір облыстық ауруханада, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
-Қаңтардың 7-і күні жергілікті уақытпен 21:06 шамасында Мұнайлы ауданына қарасты Дәулет ауылдық округінде ЖШС «ВВGroup» транспорт базасында жанар-жағармай тасымалдайтын цистерна жарылып, әрі қарай өртке ұласқан. Салдарынан 2 адам жарақат алды. Өрт толықтай сөндіріліп, жарақат алғандар облыстық ауруханаға жеткізілді, - деді Мұнайлы ауданы ТЖБ бас маманы, азаматтық қорғау капитаны Жайнат Әуесбаев.