Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (Қор) жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжа) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына:
Мансап орталығында жұмыссыз ретінде тіркелген күннен бастап;
кемінде 6 ай Қорға әлеуметтік аударымдар түскен кезде;
жұмыстан шығу себептеріне қарамастан;
бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылмайтын адамдарға тағайындалады.
ӘТжа мөлшері соңғы 2 жыл ішінде әлеуметтік аударымдар жүргізілген кірістің орташа айлық мөлшерін тиісті кірісті алмастыру коэффициенттеріне және қатысу өтіліне көбейту арқылы анықталады.
ӘТ жа тағайындау кезеңі:
1 айға – егер Қорға 6 айдан 12 айға дейін әлеуметтік аударымдар түскен болса
2 айға – егер Қорға 12 айдан 24 айға дейін әлеуметтік аударымдар түскен болса
3 айға – егер Қорға 24 айдан 36 айға дейін әлеуметтік аударымдар түскен болса
4 айға – егер Қорға 36 айдан 48 айға дейін әлеуметтік аударымдар түскен болса
5 айға – егер Қорға 48 айдан 60 айға дейін әлеуметтік аударымдар түскен болса
6 айға – егер Қорға 60 және одан да көп ай әлеуметтік аударымдар түскен болса.
ӘТжа келесі өтініш жасау кезінде бұрын алынған ӘТжа әр бір айы үшін жүйеге жалпы қатысу өтілінен 12 ай шегерілетіні негізге алына отырып тағайындалады.
Төлемге келесі жолдардың бірімен жүгінуге болады:
проактивті нысанда, қызметті алу туралы СМС-хабарламаға келісім жіберу жолымен;
жұмыссыз ретінде тіркелу кезінде Мансап орталығы арқылы;
enbek.kz Электрондық еңбек биржасы порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда;
egov.kz порталы арқылы жұмыссыз ретінде тіркелген жағдайда;
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына (Халыққа қызмет көрсету орталығы) арқылы, егер жұмыссыз ретінде тіркелген болсаңыз.
Ұсынамыз!
Төлем алуға өтініш жасамас бұрын келесі тәсілдердің бірімен Қорға түскен әлеуметтік аударымдарыңызды тексеріңіз:
egov.kz порталы;
Халыққа қызмет көрсету орталықтары;
Қор филиалдары арқылы. `1
www.gfss.kz интернет-ресурсы
Телефон: 8-7292-46-85-22
Маңғыстау облысы бойынша
«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры У.Уркумбаев