Бүгін, 9 қаңтар күні 81 жасқа қараған шағында «Маңғыстау» газетінің ардагері Аманқос Сүйеров дүниеден өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Аманқос Сүйеров 1942 жылы 28 наурызда Атырау облысының Балықшы ауданында туған. Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тәмәмдаған.
А.Сүйеров аудандық, облыстық басылымдарда әр жылдарда бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, облыстық партия комитетінде нұсқаушы, қалалық телестудияның бас редакторы болып абыройлы қызмет етті. Ол - Қазақстанның Құрметті журналисі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері.
Өзінің іскерлігі, білімділігі, сауаттылығы, адамгершілігімен ерекшеленген ардагер Аманқос Ашықұлының жарқын бейнесі әркез жадымызда.
Марқұмның отбасына, бала-шаға, немере-шөберелеріне, туған-туыстарына қайғыларына ортақтаса отырып көңіл айтамыз.
«Маңғыстау-Медиа» ЖШС ұжымы