Ақтау көшелеріне көктайғақтың алдын-алу мақсатында коммуналдық қызметкерлер 60 тонна тұз, 250 м3 құм септі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
«Қала жолдары» жұмысшылары түнгі кезекшілікте, жол қауіпсіздігін сақтап, көктайғақтың алдын-алу мақсатында төмендегі мекен-жайлар бойынша құм және тұз аралас қоспа себуде:
- № 15 автомобиль жолы, Самал;
- № 24 автомобиль жолы Кәсіпкерлер палатасы - Әбіш Кекілбаев мұражайы - «Грин парк» ТҮК;
- № 3 автомобиль жолы, «Виктория» ҚҮ – облыс әкімдігі – «Қашаған» - қалалық әкімдігі – «Ниссан» орталығы;
- № 21 автомобиль жолы, «Асар-С» - «Бәйтерек»
- № 25 автомобиль жолы, Шерқала – «Олжа» (бағдаршам)
- 15 шағынаудан және 14 шағынаудан аралығы.
Аталған жұмыстарға 16 жұмысшы, 7 техника жұмылдырылды.