«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ № 6 мұнай кәсіпшілігіне баратын жолды жабу бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Тұрғындардан түсіністік танытуды сұраймыз, мұндай заңсыз әрекеттер 4500-ге жуық адам жұмыс істейтін компанияның жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Қазіргі уақытта 450-ге жуық көліктің (арнайы техника, жеңіл көліктер мен жұмысшыларды тасымалдайтын автобустар) қозғалысына кедергі келіп тұр.
Жиналғандарды мұнай кәсіпшілігінің жұмысына кедергі жасамауға, Маңғыстау облысының тұрғындарына, атап айтқанда Қарақия ауданының тұрғындарына әлеуметтік-экономикалық зардап әкелмеуіне шақырамыз.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өңірдің, соның ішінде Қарақия ауданының әлеуметтік мәселелерін шешуге баса назар аударуда. Соңғы үш жылда (2020-2022):
– Қарақия ауданын қоса алғанда облысқа жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге түрлі демеушілік көмек көрсетілді.
- Жергілікті бюджетке 27,5 млрд теңге, соның ішінде Қарақия ауданының бюджетіне 7,3 млрд теңге аударылды” деген мекеменің баспасөзі таратқан ақпаратта.