«Маңғыстау» газетінің тілшісі Валентина Қозыбақова Қазақстан халқы Ассамблеясының Этножурналистика саласындағы «Шаңырақ» республикалық шығармашылық байқауынан 3- орынды иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Байқау дарынды журналистерді анықтап, олардың қоғамдық келісім мен бірлікті нығайтуға және қазақстандық этножурналистика саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ынталандыру мақсатында өткізілді. Байқауға республикалық, облыстық және этникалық БАҚ өкілдері қатысты.
Байқау барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін жариялап, беделін арттыратын, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясатты кеңінен насихаттайтын, мемлекеттік тілдің қоғамдағы мәртебесін көтеру, өскелең өрендерді патриотизм рухында тәрбиелеуге бағытталған үздік авторлар іріктелді.