Қайта жөндеуден өтіп жатырған «Ақтау-Форт-Шевченко» тас жолының «Ақтау-Әуежай» аралығында уақытша жол белгілерімен көлік құралының шектеулі жылдамдығы 80 км/сағат болып өзгертілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айналмалы қозғалысқа жақындай бергенде, қозғалыс жылдамдығы 50-20 км/сағатқа дейін төмендетілді.
Қазіргі таңда аталған тас жолда қызмет атқаратын патрульдік автокөліктерде орнатылған көпфункционалды жылдамдық өлшеу құралдарының қолданылуына байланысты, полиция тарапынан жол белгілері талаптарын сақтау сұралады.